+7 727 2 77 77 99
8 727 277 77 99
Написать нам

Компания туралы

NOVEC – Алматы қаласының жылжымайтын мүлік нарығында серпінді дамып келе жатқан құрылыс компаниясы. Компанияның қызметінің негізгі бағыттары көп пәтерлі тұрғын үйлер мен кешендердің, бизнес-центрлер мен коммерциялық мақсаттағы объектілердің құрылысы болып табылады.

Кіршіксіз атағы, құрылыстағы көп жылдық тәжірибесі, жоғары білікті мамандар командасы, жобалардың ауқымды портфелі, жұмыстарды орындаудың жоғары сапасы компанияға Алматы қаласының жылжымайтын мүлік нарығында көшбасшылық орнын сақтауға мүмкіндік береді.

Құрылыс нарығында 18 жылдан астам.

Тарихы

Біздің компания 2002 жылы негізі қаланған. Жинақтаған кәсіби тәжірибеміз бізге жылжымайтын мүлік объектісіне арнап алаңша таңдаудан, тиімділігін талдаудан, жобаның концепциясын жасаудан, рұқсатнамалық құжаттама алудан бастап жобалауға, құрылысты жүзеге асыруға, ілгерілетуге, іске асыруға және әрі қарай іске пайдалануға дейін қызметтердің толық ауқымын көрсетуге мүмкіндік береді.

«NOVEC» құрылыс компаниясының қоржынында 250 000 шаршы метрден астам.

Біздің компания қилы құрылыс түрлерімен айналысады:

  • тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік тұрғызу;
  • жаңғыртылатын энергетика көздері объектілерін тұрғызу;
  • кез келген күрделіліктің өндірістік кешендері мен қоймалардың құрылысы.

Мұраты

Жұртты заманауи, сапалы және бұл орайда шынымен де қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – біздің осы бизнестегі мұратымыз осы және біз енді көп жылдар бойынша таңдаған жолдан таймай келеміз. Бүгін компаниямыздың стратегиясы нарықтағы позицияда орнығуды, өзіміздің орын тебу географиямызды кеңейтуді және инвестициялар көлемін тұрақты ұлғайтуды көздейді.