Халық даналығы былай дейді: «Отаның үшін отқа бар - өртенбейсің». Сіздерге мемлекетіміздің қауіпсіздігі, халықтың тыныштығы мен аман-саулығы үшін жауапкершіліктің зор жүгі жүктелген.
7 мамыр — өзінің өмірін Отанға қызмет етуге арнағандар үшін ерекше күн. Біздің айбынды Отан қорғаушыларымызға алғысымызды білдіреміз және денсаулық, мызғымас айбынды рух пен егеменді Қазақстанымыздың игілігіне жаңа еңбек жетістіктерін тілейміз!